Жарияланған күні:
2022 жылғы 10 наурызда үкіметаралық гранттар шеңберінде ҚХР жоғары оқу орындарында оқуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі қорытынды конкурстық комиссияның отырысы өтті. Отырыс барысында қазақстандық тарап Қытайдың жоғары оқу орындарында оқуға 18 адамды ұсынды.
Әңгімелесу регламент бойынша қатаң түрде өткізілді әрі мына мәселелерді анықтау үшін әрбір үміткерге міндетті үш сұрақ қойылды:
– мамандық таңдаудағы уәждемелік және түйсіну деңгейі; – оқудағы немесе таңдаған кәсіп саласындағы теориялық білімі мен жетістіктерінің деңгейі; – пайымдау логикасының деңгейі, сөз саптау сапасы, жағдаяттық мәселелерді шешудегі жеке қасиеттері мен дағдылары.
Білім беру гранттарын тағайындау туралы түпкілікті шешімді қабылдаушы тарап қабылдайды.