Жарияланған күні:

ҚХР грантына құжат қабылдау басталды

Достар, бүгіннен бастап Қытайға үкіметаралық гранттарға құжаттар қабылдау басталды. 2022-2023 оқу жылына Қытай үкіметі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Білім және ғылым министрлігі арасындағы Келісім шеңберінде 103 мемлекеттік грант, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы шеңберінде 15 грант және Қытай Халық Республикасының Қытай-Қазақстан арнайы стипендиялары бойынша 40 грант бөледі.

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-ға құжаттардың толық пакетін қабылдау 2022 жылғы 11 ақпаннан 18 ақпанға дейін жүргізіледі:

Қазақстан тарапынан үміткерлерді іріктеу келесі турлардан тұрады: 1) Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерімен үміткерлердің дербес әңгімелесуін онлайн режимде өткізу. 2) Үміткерлердің материалдарын қарау және Қорытынды комиссияның шешім шығаруы.

Үміткерлерді іріктеу үшін негізгі критерийлері болып табылады:

1) балдық жүйе бойынша шет тілін білу деңгейі;

2) білім туралы құжаттың балдық жүйе бойынша орташа балы;

3) тәуелсіз сараптамалық комиссиясының бағалауы.

Барлық қосымша ақпарат біздің ресми сайтта қол жетімді:

Талаптары:

  • Қазақстан Республикасының азаматы болу;
  • бакалавриатқа үміткерлердің орта мектеп бітіргені туралы аттестаты және жас мөлшері 25 жасқа дейін болуы тиіс;
  • магистратураға үміткерлердің бакалавр дәрежесі және жас мөлшері 35 жасқа дейін болуы тиіс;
  • докторантура, магистр дәрежесін алуға жас мөлшері 40 жасқа дейін болуы керек.

Назар аударыңыз! Оқуда жүрген үміткерлер оқу бөлімі куәландырған қытай немесе ағылшын тілдерінде аудармасы бар, оқу кезеңінің аяқталатын күні көрсетілген, мектептен (колледж, ЖОО) берілген түлек мәртебесі туралы нотариалды куәландырылған анықтаманы ұсынады.

Грант келесі шығыстарды қамтиды:

• тегін оқу;

• бакалавриат бағдарламасына арналған ай сайынғы стипендия – 2,500 CNY, магистратураға – 3000 CNY, докторантураға – 3,500 CNY;

• медициналық сақтандыру;

• жатақхана (немесе жалға алатын тұрғын-жайдың төлемі айына шамамен 700 – 1000 CNY);

Көрсетілген гранттар туралы ақпарат мына вебсайтта жарияланған: http://campuschina.org/content/details3_74776.html және үміткер осы сілтеме бойынша онлайн тіркеуден өтеді.

ЖОО мен мамандықтардың тізімі мына сілтемеде: http://www.campuschina.org/universities/categories.html

Грантқа қалай өтінім беруге болады?

  1. 2022 жылғы 15 ақпанға дейін Қытай сайтында онлайн-тіркеуден өтіңіз. Тіркеуге сілтеме: http://campuschina.org/content/details3_74776.html

  2. Құжаттардың толық пакетін 2022 жылғы 11 ақпаннан 18 ақпанға дейін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға тапсыру.

Ескерту: Пандемия жағдайында карантин режимін сақтау үшін құжаттарды онлайн түрде «электрондық үкімет» порталы (Egov.kz) арқылы беруді ұсынамыз.

"Электрондық үкімет" порталы арқылы құжаттарды тапсыру үшін ЭЦҚ қажет, оны қашықтан алуға болады. ЭЦҚ алу жөніндегі нұсқаулықпен онлайн режимде (қашықтықтан) мына сілтеме бойынша таныса аласыз https://egov.kz/cms/ru/services/pass_onlineecp. Егер электрондық қызметтерді алу кезінде қиындықтар туындаса, алдыңғы сілтеме бойынша виртуалды операторға жүгіне аласыз немесе 1414 нөмірі бойынша байланыс орталығына тегін қоңырау шала аласыз. ЭЦҚ алғаннан кейін Egov.kz арқылы құжаттарды тапсыру қажет. Құжаттарды онлайн тапсыру нұсқауларымен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.youtube.com/watch?v=bdXXDvWXhrU&t=5s

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Ағылшын тілінде оқуға өтініш берген кезде ағылшын тілін білетіндігін растайтын құжат тапсыру міндетті болып табылады.

Жіберу қағидаларының 17-тармағына сәйкес, халықаралық шарттар/келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде тең баллмен басымдыққа ие (келесі ретпен):

1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

2) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін) ұсынған, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті шетелдік білім беру ұйымдарында оқуға болатын бала кезінен мүгедектер және мүгедек балалар;

3) көп балалы отбасынан шыққан балалар;

4) ауылдық елді мекендерден ауылдық елді мекендерде соңғы 2 (екі) жыл тұратын үміткерлер;

5) шетелдік жоғары оқу орындарынан шақыруы бар үміткерлер, сондай-ақ шетелдік жоғары оқу орындарында білім алушылар.

Қытай тарапы стипендиаттардың түпкілікті тізімін бекітеді. Назар аударыңыз!!! Құжаттарды тапсыру бойынша толық ақпаратпен жадынамадан танысуға болады.

21-тармақтың 4) тармақшасына сәйкес конкурс жеңімпазмен шетелде академиялық оқуды аяқтағаннан кейін міндетті түрде Қазақстан Республикасына қайта оралып, 1 (бір) жыл мерзімге үздіксіз еңбек қызметін жүзеге асыру туралы шарт жасалады.

Қосымша ақпаратты келесі телефондар бойынша алуға болады: +7 (7172) 76-90-84, 76-90-82, 76-90-83.

Құжаттарды тапсыру бойынша нұсқаулық

ҚР азаматының сауалнамасы