Жарияланған күні:

«IDP IELTS KAZAKHSTAN» МЕН ХБО АҚ МЕМОРАНДУМЫ НЕ БЕРЕДІ?

Екіжақты келісімнің негізгі мақсаты «IDP IELTS Kazakhstan»-ның ХБО АҚ «Болашақ» бағдарламасының кандидаттарына тестке тұрақты негізде, сондай-ақ жоғары сұраныс кезеңінде квоталар беруге дайын екендігі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясының үміткерлері үшін мыналар ұсынылады:

1. Сыйлық ретінде IELTS-ке дайындық бойынша 3 курс:

  • Macquarie University(барлық 4 секцияға 4 күн немесе 1 секцияға 30 күнге қолжетімділік).
  • Privilege course (4 секцияға 4 академиялық сағаттан 5 күн).
  • Preparation course from IDP IELTS Kazakhstan.

2. Mock Speaking test with feedback (ауызша кері байланыс сынағы).

3. www.ielts.org, www.ielts.idp.com, www.ielts.kz. сайттарында үміткерлерге және басқаларға қол жетімді ақпараттық ресурстар.

Сонымен қатар IELTS өкілімен кері байланыс болады. Ол бүкіл процесс барысында үміткерге нәтижеге жеткенге дейін ақпараттандырады, байланыста болады (тестке дайындық басталғаннан бастап нәтижеге дейін).

Сондай-ақ, тағы бір бонус ол нәтижені қысқа мерзімде ЖОО үшін "IELTS Verification Service" - те жариялау.

Естеріңізге сала кетейік, IELTS емтиханына тіркелу ақылы негізде өтеді. Жоғарыда аталған бонустар тек «Болашақ» үміткерлері үшін берілетін болады.