Жарияланған күні:

Индонезия Республикасында оқуға арналған білім беру гранттары

Индонезия Республикасы Үкіметінің KemitraanNegaraBerkembang стипендиялық бағдарламасы шеңберінде қазақстандықтарға Индонезияның жоғары оқу орындарында бакалавриатта, магистратурада және докторантурада оқу үшін білім беру гранттары бөлінді.

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтінімдерді стипендиялық бағдарламаның ресми веб-сайты арқылы онлайн тапсыру қажет -http://knb.kemdikbud.go.id/.

Өтінімдер 2023 жылғы 15 ақпанға дейін қабылданады.

Стипендия оқу, медициналық сақтандыру, ұшып қайту шығындарын өтейді, сонымен қатар ай сайын стипендия төленеді.

Стипендиялық бағдарлама, үміткерлерге қойылатын талаптар туралы толық ақпарат сайтта орналастырылған - https://kemlu.go.id/nur-sultan/id/news/22618/kemitraan-negara-berkembang-developing-countries-partnership-scholarship-2023

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлердің бакалавриатта оқуға мектеп бітіргені туралы аттестаты, магистратурада - жоғары білімі туралы дипломы (бакалавриат), Қазақстандағы Индонезия Елшілігінің ұсыныс хаты болуы тиіс. Докторантураға үміткерлер магистр дәрежесін растайтын дипломды қосымша ұсынуы керек.

Қазақстандағы Индонезия Елшілігінен ұсыныс хат алу үшін қажетті құжаттардың толық пакетін электрондық поштаға жіберуіңізді сұраймыз gulnur.s@inbox.ru. Құжаттар Елшілік өкілімен онлайн-сұхбаттасудан кейін 3 жұмыс күні ішінде қайтарылады (сұхбат ағылшын тілінде жүргізіледі).

Сондай-ақ кандидаттар қосымша ақпарат алу үшін Қазақстандағы Индонезия Елшілігінің қызметкері Гүлнұр Сейсенқұловаға жүгіне алады: gulnur.s@inbox.ru, +7 702 595 1561.