Жарияланған күні:
«Болашақ» стипендиясының үміткерлерін көбірек қамту үшін еліміздің өңірлерінде ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша көшпелі тестілеу өткізіледі. Емтихандарды биылғы жылғы қыркүйек және қазан айларында өткізу жоспарланған.
Тестілеуге Алматы, Атырау және Семей қалаларының тұрғындары қатыса алады.
Қыркүйек айында өтетін қазақ тілінен емтиханға өтінімді Ұлттық тестілеу орталығының сайтында қалдыруға болады - http://kazakhtest.kz/kz/news/582054/
Тестілеу орны мен уақыты туралы хабарлама тіркелген үміткерлердің эл. поштасына жіберіледі.
Тестілеу ақылы негізде өткізіледі, ақысын үміткердің өзі төлейді.
Естеріңізге сала кетейік, «Болашақ» бағдарламасы бойынша конкурсқа қатысу үшін ҚАЗТЕСТ мемлекеттік тілден емтихан тапсырғаны туралы сертификат қажет. Нәтижесі кемінде В1 деңгейінде болуы тиіс.