Жарияланған күні:

IT саласындағы «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің интерактивті кездесуі

Бүгін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ кеңсесінде IT саласындағы «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің интерактивті кездесуі өтті.

«Болашақ» бағдарламасы жүзеге асырылған 28 жыл ішінде 11 399 түлек оқытылды, оның 1000-нан астамы IT саласында білім алды. Пандемия IT және цифрлық саланың дамуына серпін болды, қазір өмірдің барлық салаларын жедел цифрландыру жүріп жатыр.

Стипендия түлектері цифрландыруды дамытуға нақты үлес қосуда», - деді Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Айнұр Карбозова. шара барысында түлектер өз ойларын ортаға салды.

Кездесу барысында қатысушылар цифрландырудың жаңа мүмкіндіктерін, IT саласындағы трендтерді талқылады, сондай-ақ жетістіктері туралы айтты. Кездесу соңында түлектер стипендия тарихына қатысты ресми құжаттар көшірмелері мен фотосуреттер қойылған көрнекі мұражаймен танысты.