Жарияланған күні:

IT саласындағы "Болашақ" бағдарламасы түлектерінің үлесі

Құрметті «Болашақ» бағдарламасының түлектері!

3 қараша күні сағат 16:00-де «Болашақ» бағдарламасының IT саласындағы түлектерінің кездесуі өтеді. Кездесуде түлектер өз жобаларын жасау тәжірибесімен бөлісіп, Қазақстандағы ІТ-кәсіпқойлардың мүмкін болатын мансаптық траекторияларын талқылайды.

Спикерлер:

  1. Айнұр Кәрібозова – «Болашақ» бағдарламасының түлегі, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті;
  2. Марлен Сихаев – «Болашақ» бағдарламасының түлегі, «Зерде» холдингі АҚ Басқарма төрағасының орынбасары;
  3. Тоғжан Ошкарова – «Болашақ» бағдарламасының түлегі, «Зерде» Холдингі ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ, АКТ саласын дамыту департаментінің бас маманы;
  4. Сәкен Тілеубердин – «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Kazdream Technologies-Тегі Red-teaming жобасының жетекшісі;
  5. Серік Игібаев – «Болашақ» бағдарламасының түлегі, «DITUM GROUP» ЖШС директоры;
  6. Алмас Шінтеміров – «Болашақ» бағдарламасының түлегі, «Назарбаев Университеті» ДББҰ робототехника және мехатроника қауымдастырылған профессоры;
  7. Қайрат Сұлтанов – «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Қазақстанда жұмыс істейтін дубайлық «AQ Group» компаниясының бас техникалық директоры.

Модератор: Дидар Еділхан – «Болашақ» бағдарламасының түлегі, «Astana IT University» ЖШС, Компьютерлік инженерия департаментінің қауымдастырылған профессоры.

Facebook және Instagram-да онлайн-форматтағы әңгімеге қосылыңыз.