Басты бет > BOLASHAQNEWS > «ҚАЗТЕСТ»

Жарияланған күні:

«ҚАЗТЕСТ»

Құрметті үміткерлер!

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша бағалау үшін «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК Алматы қаласында көшпелі сертификаттық тестілеу өткізеді.

2021 жылғы 26-27 тамызда: I-лек сағат 09-30-дан 13-00 дейін, II-лек сағат 13-30-дан 17-00-ге дейін. Мекенжайы:

Алматы қаласы, «Казақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университеті», Әйтеке би көшесі, 101

Алматы қаласы, «Алматы Менеджемент Университеті», Розыбакиев көшесі, 227

Маңызды ақпарат: үміткер өзімен бірге жеке куәліктің түпнұсқасын, қаламсап, өшіргіш және «ҚАЗТЕСТ» тестілеуі бойынша төлем жасалған түбіртекті алып келу тиіс. Сонымен қатар, тестілеуге кешіккен үміткерлер емтиханға кіргізілмейді.

Жоғары оқу орындарының аумағына кіру тек «Ashyq» қосымшасы арқылы ғана өткізіледі, қызыл мәртебесі бар үміткерлер тестілеуге жіберілмейді. Үміткерлер тестілеуден өту кезінде барлық санитарлық нормалар мен талаптарды сақтауы, өзімен бірге бетперде, антисептик, медициналық қолғап болуы тиіс.

Тестілеу өту уақыты туралы хабарлама тіркеуден өткен үміткерлердің e-mail пошталарына жіберіледі. Тестілеу уақыты туралы хабарлама болмаған жағдайда көрсетілген телефон арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: + 7 (7172) 76 90 84, эл. почта: auzhanova@bolashak.gov.kz

ҚАЗТЕСТ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША ТЕСТІЛЕУ ТӨЛЕМАҚЫСЫН АУДАРУҒА АРНАЛҒАН ДЕРЕКТЕМЕЛЕР http://kazakhtest.kz/kz/apply/rekvizity-dlya-oplaty-za-provedenie-testirovaniya-po-sisteme-kaztest.php (Қызмет ақысы – 4 841 теңге)