Жарияланған күні:

Үкіметаралық гранттар аясында Тәжікстан Республикасында оқуға үміткерлерді конкурстық іріктеу аяқталды

2021 жылғы 9 шілдеде Тәжікстан Республикасының жоғары оқу орындарында үкіметаралық гранттар шеңберінде оқуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі Қорытынды комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында Қазақстаннан 8 адам Тәжікстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға ұсынылды.

Әңгімелесу регламент бойынша қатаң түрде өткізілді әрі мына мәселелерді анықтау үшін әрбір үміткерге міндетті үш сұрақ қойылды:

– мамандық таңдаудағы уәждемелік және түйсіну деңгейі;

– оқудағы немесе таңдаған кәсіп саласындағы теориялық білімі мен жетістіктерінің деңгейі;

– пайымдау логикасының деңгейі, сөз саптау сапасы, жағдаяттық мәселелерді шешудегі жеке қасиеттері мен дағдылары.

Қорытынды комиссия үш өлшемшарт бойынша (шет тілін білу деңгейі, білім туралы құжаттың орташа балы және әңгімелесу қорытындысы бойынша орташа бағасы) ең жоғары орташа балы бар үміткерлерді негізгі тізімге еңгізді.

Білім беру гранттарын тағайындау туралы түпкілікті шешімді қабылдаушы тарап қабылдайды.

Егер сізде іріктеу процесіне және алған балыңызға қатысты сұрақтар болса, мына эл. пошаға жазуыңызға болады: info@bolashak.gov.kz .

Ұсынылған үміткерлердің тізімі .