Жарияланған күні:

ҮКІМЕТАРАЛЫҚ ГРАНТТАР БОЙЫНША ӨЗБЕКСТАННЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ

2022 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде 2025-2026 оқу жылына арналған Өзбекстан Республикасының жоғары оқу орындары бакалавриат бағдарламасына 20 оқу грантын ұсынады.

Оқу тілі – өзбек/орыс тілі.

Грант келесі шығындарды қамтиды:

  • тегін оқу;
  • тегін жатақхана;
  • тегін медициналық қызмет көрсету.

Ескертеміз, қалған шығынды, оның ішінде көлік шығындарын грант иегері өз қаражаты есебінен төлейді.

Құжаттың толық пакеті 2025 жылғы 11 қыркүйекке дейін қабылданады.

Білім беру саласындағы келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу дербес әңгімелесу жолымен жүзеге асырылады.

Халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; бала кезінен мүгедектер мен мүгедек балалар; көп балалы отбасынан шыққан балалар; ауылдық елді мекендерде соңғы 2 (екі) жыл тұратын үміткерлер; шетелдік жоғары оқу орындарынан шақыруы бар үміткерлер басымдыққа ие.

Қорытынды іріктеуді қабылдаушы тарап өткізеді.

Құжат тапсыру бойынша толық ақпаратты жадынамадан көре аласыз.

Құжат тапсыру бойынша жадынама
Жоғары оқу орындары мен мамандықтардың тізімін
ҚР азаматының сауалнамасы
Анкета (Өзбекстан)