Жарияланған күні:
Биыл Қорытынды комиссияның шешімімен 37 қазақстандық ҚХР жоғары оқу орындарында оқуға ұсынылды.
Соңғы шешімді ҚХР қабылдайды.
Естеріңізге сала кетейік, ҚХР қазақстандықтарға бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша білім беру гранттарын жыл сайын ұсынып отырады.
Грант академиялық оқу, жатақханада тұру, медициналық сақтандыру шығындарын өтейді, сонымен қатар студенттерге ай сайын стипендия төленеді. Оқу ағылшын немесе қытай тілінде өтеді.
Жалпы алғанда, үкіметаралық гранттар аясында қазақстандықтарға Еуропа мен Азияның 10 елінде бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша тегін оқуға 500-ге жуық грант жыл сайын ұсынылып отырады.