Жарияланған күні:

Көшпелі "КАЗТЕСТ"

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларына сәйкес конкурсқа құжаттарды тапсыру кезінде үміткерлер В1 (орта) деңгейінен кем емес нәтижесі бар мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы сертификат ұсынуы қажет.

Осыған байланысты, COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралу жағдайдын ескере отырып, «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК үшін көшпелі сертификаттық тестілеуді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өтінімдері бойынша Алматы, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында мемлекеттік тілді білу деңгейін «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша бағалау өткізуді жоспарлап отыр.

Көшпелі тестілеуді ұйымдастыру әрбір өңірде «ҚАЗТЕСТ» - тен өтуге ниет білдірген кемінде 50 адамды жинаған жағдайда ғана мүмкін болады. Тестілеудің өтетін орны мен күні туралы ақпарат қосымша берілетін болады. Тесттен өтуге ниет білдірушілердің барлығынан сілтеме бойынша онлайн сауалнаманы толтыруды сұраймыз:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdpDhMDEyiX-XbIGLsGili0QBAPIZrYRYVRyEZEhDn9Q0ObSg/viewform?usp=sf_link

Маңызды: 2021 жылы тестілеу құны 4 841,0 теңгені құрайды және оны үміткер өз бетінше төлейді. Үміткер тест нәтижелерін (сертификатты) тест тапсырғаннан кейін 7 жұмыс күнінен ерте емес мерзімде ала алады.