Жарияланған күні:

ЛАТВИЯДА ОҚУҒА АРНАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫ

Қазақстандықтарға Латвияның жоғары оқу орындарында оқуға арналған мемлекеттік гранттар ұсынылады.

Өтінімдер 2023 жылғы 1 сәуірге дейін келесі сілтеме арқылы онлайн қабылданады - https://scholarships.viaa.gov.lv/en/login

Латвия қазақстандық студенттер, оқытушылар мен ғалымдарға өзінің жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарында зерттеулер жүргізу және білім алу үшін мемлекеттік гранттар ұсынады. Оқыту латыш немесе ағылшын тілдерінде өтеді.

Қазақстандықтарға бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша оқуға, сондай-ақ Латвия университеттерінің жазғы мектептеріне қатысуға мүмкіндік беріледі.

Стипендия тұру және күнделікті шығындарды өтейді. Магистратура және бакалавриат бағдарламалары бойынша оқуға арналған ай сайынғы стипендия мөлшері – 500 еуро, докторантурада оқуға арналған стипендия мөлшері – 700 еуро.

Толық ақпаратты келесі сілтеме арқылы алуға болады: https://www.viaa.gov.lv/en/latvian-state-scholarships