Жарияланған күні:

ӘЛЕМДІК БАНК ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

Бүгін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ кеңсесінде Дүниежүзілік банк делегациясымен кездесу өтті, оның құрамына жобалық топтың жетекшісі Хусейн Абдул-Хамид және білім бөлімінің аға маманы Лаура Макдональд кірді.

Кездесу Дүниежүзілік банк жүзеге асырып жатқан «Орта білім беруді жаңғырту» жобасының сәтті аяқталуына, сондай-ақ Халықаралық бағдарламалар орталығымен серіктестікті нығайтуға арналды. Орталық өкілдері қонақтарды қарсы ала отырып, қызметтің барлық бағыттары бойынша одан әрі жемісті ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

Кездесу барысында тараптар «Болашақ» бағдарламасының артықшылықтарын, «500 ғалым» ғылыми тағылымдамадан өтуі және «Study in Kazakhstan» бағдарламасының, сондай-ақ Дүниежүзілік банкте тағылымдамадан өту мүмкіндіктерін талқылады.

Сонымен қатар, кездесуде Дүниежүзілік банк тобы жоғары білім саласындағы диалогты кеңейту ниетін мәлімдеді, оның ішінде:

  • Жақын арада қол қойылады деп күтілетін Экономикалық зерттеулердің кооперативтік бағдарламасы аясындағы Академиялық шеберлік орталықтарының бастапқы іс-шараларын жоспарлау.
  • Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру комитетімен Ғылым мен технологияларды дамыту жобасын ағымдағы дайындау барысында университеттерді қолдаудың негізгі компоненттері бойынша кеңестер.
  • Қазіргі уақытта ҚР Үкіметінің қарауында жатқан Қазақстан университеттерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған бағдарлама жобасын талқылау.

Кездесу білім мен ғылымды дамытуда ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін бірлескен жобаларды жалғастыру, өзара іс-қимыл бағыттарын кеңейту және серіктестікті нығайтуды қамтитын алдағы ынтымақтастық жоспарларын талқылаумен аяқталды.

фото.jpg