Жарияланған күні:

Ұлттық валюта күні, қаржыгерлер күні!

Бүгін 15 қараша Қазақстанда ұлттық валюта - Теңге күні, сондай-ақ Қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтіледі.

Бұл күнді таңдау кездейсоқ емес, дәл осы күні 1993 жылы ұлттық валюта Теңге айналымға енді. Құрметті қаржы жүйесінің қызметкерлері мен ардагерлері, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздерге зор мүмкіндіктер, даму мен үлкен жетістіктер, ал отбасыларыңызға денсаулық, бейбітшілік пен амандық тілейміз.

Әлемнің үздік жоғары оқу орындарында білім алған «Болашақ» бағдарламасының 11399 түлектерінің 1712-сі «Қаржы және Экономика» бағыты бойынша даярланды. Түлектер күн сайын еліміздің қаржылық тұрақтылығын, экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлкен үлес қосады, сондай-ақ бизнес-процестерге сандық технологияларды белсенді енгізеді.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ