Жарияланған күні:
Ағымдағы жылдың 12 мамырында қазақтың ұлы ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар аясында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызметкерлері «Абай ізімен» атты деректі фильмді бірлесіп тамашалап, талқылады.
Абайдың өмірі, шығармашылығы мен философиялық мұрасына арналған бұл фильм ақынның қазақ мәдениетін дамытудағы рөлі мен ұлттық сана және рухани құндылықтарды қалыптастыруға қосқан үлесі туралы мазмұнды диалогқа себеп болды. Іс-шараға қатысушылар Абай идеяларының қазіргі қоғамдағы өзектілігін және мәдени мұраны сақтау маңыздылығын атап өтті.
Фильмнен кейінгі талқылау барысында қызметкерлер өз әсерлерімен және Абайдың білімге, адамгершілікке, патриотизмге үндейтін қағидаттарының жеке және кәсіби өмірдегі маңызы туралы ойларымен бөлісті.
«Абай өзін-өзі жетілдіруге, адалдық пен білімге ұмтылуға — бүгінгі таңда әрқайсымыз үшін аса маңызды құндылықтарға шақырады», – деп атап өтті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ кадрлық даму және құжат айналымы басқармасының басшысы Әбенов Әлібек.
«Фильм мені Абай шығармаларын тереңірек зерттеуге шабыттандырды. Оның философиясы өткенді ғана емес, бүгінгі күнді де қайта қарауға көмектеседі», – деді Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бас маманы Елтаева Әлия.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ұлттық бірегейлікті нығайтуға және Қазақстанның көрнекті қайраткерлерінің мұрасын насихаттауға бағытталған мәдени-ағартушылық бастамаларға белсенді қатысуды жалғастыруда.


