шетелдік жетекші ЖОО тізіміне енгізілген ЖОО-нан академиялық оқуға шартсыз қабылданғанын растайтын құжат (қаржылық жағдайларды қоспағанда). Құжатта үміткердің деректері, оқу бағдарламасы – магистратура, мамандық, оқу мерзімі, оқудың толық құны көрсетілуі тиіс. Құжат мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады;
жеке куәлік және төлқұжат;
бакалавр немесе маман дипломы бар. Шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда білім туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәлік не білім туралы құжатты тану туралы өзге де құжат;
В1 деңгейінен кем емес нәтижесі бар ҚАЗТЕСТ бойынша емтихан тапсырғаны туралы жарамды ресми сертификат;
шетелге шығатын тұлғалар үшін 072/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама ұсынады;
шетелдік жоғары оқу орны берген үлгерім туралы ресми құжат немесе мамандығы, курсы (оқу жылы), бағалау жүйесі туралы ақпарат, ағымдағы үлгерімнің орташа балы көрсетілген белгіленген үлгідегі анықтама. Құжат/анықтама нотариалды куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен ұсынылады (тек шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында оқитын үміткерлер үшін).