Жарияланған күні:
Мажарстан қазақстандықтарға «Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасы аясында Мажарстанның жетекші ЖОО-ларында оқу үшін 250 білім беру грантын ұсынатын болады. Бұл Қазақстан мен Мажарстан арасында жасалған келісімдердің арқасында мүмкін болды.
Мажарстанда тегін оқу конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау биылғы жылғы 12 желтоқсанда басталып, 2023 жылғы 18 қаңтарға дейін жалғасады. Өтінімдер Egov.kz электронды Үкімет порталы арқылы және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да қабылданады.
«Биыл үкіметаралық келісімдер шеңберінде бөлінген гранттар бойынша конкурстық іріктеудің ережелері жетілдірілді. Халықаралық бағдарламалар орталығының бастамасымен конкурстық іріктеуде ауылдық жерлерден үміткерлер үшін артықшылықтар енгізілді. Сонымен бірге үкіметаралық гранттардың түлектері үшін еңбекпен өтеу мерзімі үш жылдан бір жылға дейін қысқартылды»,- деп хабарлады «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.
«Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасы қазақстандықтарға келесі бағдарламалар бойынша 250 грант ұсынып отыр:
Грант мажар тілі курстарынан өту, академиялық оқу, жатақханада тұру, медициналық сақтандыру шығындарын өтейді, сондай-ақ студенттерге ай сайынғы стипендия төленеді. Оқу ағылшын және мажар тілдерінде өтеді. Мажар тілін білмейтін қазақстандықтар үшін тегін тілдік дайындықтан өту мүмкіндігі қарастырылған.
Конкурсқа қатысу үшін негізгі критерийлер:
Естеріңзге сала кетейік, жыл сайын үкіметаралық гранттар аясында отандастарымызға Еуропа мен Азияның үздік ЖОО-ларында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша тегін оқуға 500-ге жуық грант ұсынылады.