Жарияланған күні:

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру туралы сюжет

«24KZ» телеарнасының сюжеті

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру туралы. «Болашақ» бағдарламасы 30 жылдан астам уақыт бойы сәтті іске асырылып келе жатыр. Осы уақыт ішінде 13 мыңнан астам жоғары білікті маман даярланды.

2023 жылдан бері Президенттің тапсырмасына сәйкес бағдарлама негізінен техникалық бағыттар бойынша мамандар даярлауға қайта бағдарланды, жаратылыстану-техникалық блокке академиялық бағдарламалар шеңберінде де, кәсіптік тағылымдамалардан өту кезінде де стипендиялардың кемінде 60% бөлінеді.

«Болашақ» бағдарламасы аясындағы жаңалықтардың бірі биыл мектептердің талантты түлектері, халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері үшін бакалавриат бағдарламасын енгізу туралы заң қабылданды.

Сонымен қатар, атом энергетикасы саласында мамандар даярлаудың жаңа бағытын енгізу қарастырылып жатыр. Бұл Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті қауіпсіз пайдалану үшін қажетті халықаралық білімі бар мамандарды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда 1 мыңнан астам стипендиат жетекші шетелдік жоғары оқу орындарында оқиды және тағылымдамадан өтуде, ал бағдарлама түлектері негізгі салаларда еңбек етіп, еліміздің дамуына өз үлестерін қосып келеді.