Жарияланған күні:

Мемлекеттік хатшы Шетелде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысын өткізді

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Жиын барысында «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау жөніндегі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін техникалық мамандыққа басымдық беріледі. Аталған бағытта білім алатын стипендиаттардың қатары көбейіп, жоғары оқу орындарының саны артады.

Сонымен қатар 2022 жылы инженерлік-техникалық, медицина, мәдениет, туризм және спорт, бұқаралық ақпарат құралдарының, ауыл шаруашылығы өнеркәсібі саласының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, ғалымдар, орта білім, техникалық және кәсіптік бағдар беру ұйымдарының мұғалімдері тағылымдамадан өтетін болды.

Отырыс қорытындысы бойынша Ерлан Қарин «Болашақ» бағдарламасын одан әрі жетілдіру және оны жүзеге асыру тетіктерінің тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

https://www.akorda.kz/kz/memlekettik-hatshy-shetelde-kadr-dayarlau-zhonindegi-respublikalyk-komissiyanyn-otyrysyn-otkizdi-2411014