Жарияланған күні:

МИЧИГАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

Бүгін Халықаралық бағдарламалар орталығының кеңсесінде Мичиган мемлекеттік университетінің (АҚШ) делегациясымен кездесу өтті. Делегация құрамында Халықаралық кәсіби бағдарламалар директоры Синью Ву, Білім колледжіндегі халықаралық зерттеулер кеңсесі директорының орынбасары Джулия Синклер және Білім колледжінің білім беру саласындағы жаһандық қатысу жөніндегі аға кеңесшісі Сакил Малик болды.

Тараптар «500 ғалым» ғылыми тағылымдамасы және «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өту бағыттары бойынша ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Қазіргі таңда университетте 3 магистрант, 3 докторант, 5-і интернатурада, 21-і ғылыми тағылымдамадан өтуде, барлығы 62 стипендиант «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуын аяқтады.

Білім колледжінің Халықаралық білім беру зерттеулері кеңсесі директорының орынбасары Джулия Синклер университет ауылшаруашылық ғылымдары, биология, инженерия және машина жасау салаларында жоғары білікті кадрларды дайындау бағдарламаларымен танымал екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар меморандум жобасын әзірлеуге және тағылымдамадан өтуге арналған мамандықтар тізімін кеңейтуге келісті.

Анықтама үшін: Мичиган мемлекеттік университеті химия, медицина, физика және астрономия салаларындағы белсенді ғылыми қызметімен және жаңалықтарымен АҚШ-тағы танымал ең ірі ғылыми-зерттеу оқу орындарының бірі болып табылады. Ол QS рейтингінде 116 орынға, Дүниежүзілік университеттер рейтингінде 116 және әлемдік университеттердің академиялық рейтингінде 151 орынға ие.

1.jpg

2.jpg

3.jpg

4.jpg