Жарияланған күні:

Үміткерлер үшін маңызды ақпарат!

Құрметті үміткерлер, оқуыңыздың басталуы 2022 жылғы тамыз-қыркүйек айларына жоспарланған болса, құжаттарды ағымдағы жылдың 3 маусымына дейін сағ. 00:00-ге дейін тапсыруыңыз керек.

Естеріңізге сала кетейік, Республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша стипендияны алғашқы тағайындау маусым айында жоспарланып отыр. Жалпы, конкурстық іріктеу ағымдағы жылдың 30 қарашасына дейін жалғасады.

Үміткерлердің алғашқы легі үшін конкурстық іріктеу 4 маусымда басталады және 3 кезеңнен тұрады:

  • кешенді тестілеу;
  • тәуелсіз сарапшылық комиссиясы мүшелерімен жеке әңгімелесу;
  • шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысында құжаттарды қарау.