Басты бет > BOLASHAQNEWS > Эстонияда оқуға арналған ұлттық стипендиялық бағдарлама

Жарияланған күні:

Эстонияда оқуға арналған ұлттық стипендиялық бағдарлама

2021 жылғы 1 тамызда Эстонияның ұлттық стипендиялық бағдарламасы аясында Эстонияның жоғары оқу орындарында 2021-2022 оқу жылына ғылыми дәреже алу және зерттеу алмасу үшін шетелдік студенттерден өтінім қабылдау басталады.

Қажетті ақпарат мына веб-сайтта орналасқан: https://www.studyinestonia.ee/…/scholarships/scholarships-d… . Қосымшалары бар өтінімдерді https://taotlused.edu.ee/ онлайн-порталы арқылы беру қажет.

Толық ақпарат алу үшін Эстония Республикасының Білім беру және жастар мәселелері жөніндегі кеңесінің аға маманы мисс Лиис Улманға хабарласу қажет, стипендиялар мен гранттар бөлімі, тел.: +372 699 9395, эл.пошта: liis.uulman@harno.ee.

Айта кетейік, мүдделі үміткерлерге өтінімдерді электронды форматта беру қажет. Өтінім берудің соңғы мерзімі-2021 жылғы 1 қыркүйекте аяқталады.