Басты бет > BOLASHAQNEWS > NAWA EDUCATION FAIRS

Жарияланған күні:

NAWA EDUCATION FAIRS

NAWA - академиялық алмасудың Польша ұлттық агенттігі Қазақстанның орта мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттерін Польшада оқу перспективаларына арналған Виртуалды білім беру көрмесіне шақырады.

Көрмеде Польша университеттері мен студенттерді қолдау ұйымдарының өкілдерімен танысып, курстар, оларға тіркелу, стипендиялар, оқу ақысы және басқа да сұрақтар бойынша мәлімет алуға болады.

Nawa вебинарының ресми ашылуы сағат 14:30. Вебинар барысында Польшадағы білім беру жүйесінің негіздері таныстырылып, көрме сайтын қалай пайдалану керектігін түсіндіріледі.

Вебинар 14 қазан, бейсенбі, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 14.00-18.00 аралығында өтеді. www.rsgp.webexpo.pl