Жарияланған күні:

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: БОС ЛАУАЗЫМ!

Конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру басқармасының бас менеджері

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру басқармасының бас менеджері лауазымына конкурс жариялайды.

Талаптармен мұқият танысуыңызды және біліміңіз бен жұмыс өтіліңіз сәйкес келген жағдайда, түйіндемеңізді cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына жолдауыңызды сұраймыз.

Түйіндемелер 2021 жылғы 27 қазанға дейін қарастырылады.

Білімге қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Тиісті мамандық немесе кәсіби сертификаттау бойынша курстарынан өткендігі туралы сертификаттардың болғаны жөн.

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: құрылымдық бөлімше қызметінің бейіні бойынша кемінде 3 жыл. Шетелде оқуды (магистратура, докторантура) аяқтаған жағдайда, құрылымдық бөлімше қызметінің бейіні бойынша жұмыс өтілі кемінде 1 жыл.

Қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті білім: мемлекеттік және орыс тілдері (міндетті түрде); мүмкіндігінше шет тілін білген жөн; Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық кодексі, Еңбек кодексі, «Білім туралы» және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; ғылым және білім саласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Үкіметінің қаулылары және басқа да нормативтік-құқықтық актілер, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясына тағайындауға үміткерлерді іріктеу ережелері; Қоғам Жарғысы; Конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру басқармасы ережелері; Қоғамның даму стратегиясы мен болашағын және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық құжаттар; көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрттен қорғау ережелері.

Қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті қабілеттілік пен дағдылар: іс қағаздарын мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізу; жергілікті және ғаламдық желілерде жұмыс істеу; ДК мен кеңсе техникасының тәжірибелі пайдаланушысы болу; ауызша және жазбаша қарым-қатынас дағдылары; кеңес беру дағдылары; заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жүйелеу, есепке алу және құжаттау дағдылары; жағдайды сыни тұрғыдан бағалау, өзгерістерге тез бейімделу; үлкен көлемдегі мәліметтермен жұмыс істеу; ынтымақтастықты дамыту, келіссөздер жүргізе білу; ұжымда және өз бетінше жұмыс істей алу.