Жарияланған күні:

СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БОЙЫНША ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ҚАЙДА ӨТУГЕ БОЛАДЫ?

Халықаралық бағдарламалар орталығында Нидерланды Корольдігінің Орталық Азиядағы Елшісі Нико Шермерспен кездесу өтті.

Кездесу барысында ғылыми зерттеулер мен білім беру саласындағы ынтымақтастықты тереңдету перспективалары талқыланды. Талқылау аясында «Болашақ» бағдарламасы, «500 ғалым» ғылыми тағылымдамалары, сондай-ақ Нидерландыда білім алудағы қазақстандық студенттерге арналған басқа да мүмкіндіктер талқыланды.

Су ресурстары саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды, бұл екі тарап үшін де маңызды тақырыптардың бірі болып табылады. Ihe-Delft су білімі институты су ресурстарын басқару, сумен жабдықтау және санитария, экожүйелер және су сапасы бойынша білім алуға мүдделі қазақстандық зерттеушілер мен студенттер үшін әлеуетті серіктес ретінде атап өтілді.

Елші Нико Шермерс бірлескен күш-жігер халықаралық байланыстарды нығайтуға және білім алмасуға ықпал ететініне сенім білдірді:

«Біз елдеріміз арасында тәжірибе мен білім алмасуға жаңа мүмкіндіктер ашатын бастамаларды қолдауға қуаныштымыз. Халықаралық бағдарламалар орталығымен ынтымақтастық Қазақстанда әлемдік деңгейдегі мамандарды даярлауға ықпал ететін болады».

Кездесу қорытындысы бойынша ihe-Delft су Білім беру институтын ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылған ұйымдар мен университеттер тізіміне қосуды қарастыру туралы шешім қабылданды. Бұл қазақстандық ғалымдар мен студенттерге жетекші халықаралық мекемелерде оқу және жұмыс істеу мүмкіндігін бере отырып, жаңа көкжиектер ашады.

1.jpg

2.jpg

Суреттер: Әлішер Қадышов