Басты бет > BOLASHAQNEWS > Мәдениет және спорт саласындағы қызметкерлер – «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдаманың жаңа санаты

Жарияланған күні:

Мәдениет және спорт саласындағы қызметкерлер – «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдаманың жаңа санаты

Мәдениет және спорт саласындағы қызметкерлер – «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдаманың жаңа санаты

Мәдениет және спорт саласының қызметкерлері «Болашақ» бағдарламасы бойынша жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының базасында 12 айға дейінгі мерзімге тағылымдамадан өте алады. Ол басым мамандықтар тізбесіндегі мамандықтар бойынша жүзеге асады.

2021 жылы «Болашақ» президенттік стипендиясы шеңберінде денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласындағы қызметкерлер, педагог қызметкерлер, мемлекеттік қызметшілер, инженерлік-техникалық қызметкерлер санаттары бойынша, «Тағылымдама» бағдарламасы арқылы 110 стипендия бөлінді.

500 стипендия жаңа «ғалымдар» санаты бойынша беріледі. Естеріңізге сала кетейік, бұл санат Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін жыл сайын қамтамасыз ету үшін өмірге келген болатын.

Тағылымдамадан өтуге жіберілетін стипендиаттар екі кепілгер ұсынатынын атап өткен жөн. Кепілгер соңғы 12 айда тұрақты табысы бар 50 жасқа дейінгі ҚР азаматы болуға тиіс. Жылжымайтын мүлікті кепілге қою талап етілмейді.

Естеріңізге сала кетейік, «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 4 мамырдан басталып, 28 қазанға дейін жалғасады.

Анықтамалық:

Спорт бағыты бойынша мамандықтар:

Спорттық психология;

Спорт құқығы;

Спорттық маркетинг. Спорттық менеджмент;

Спорт түрі бойынша жаттықтырушы. Жалпы дене дайындығы бойынша жаттықтырушы;

Дене шынықтыру және спорт;

Спорттық медицина.

Мәдениет бағыты бойынша мамандықтар:

 Арт-менеджмент ;

Музыка және вокал өнері. Эстрада өнері;

Дизайн. Кескіндеме-станоктық кескіндеме. Бейнелеу өнері. Мүсін;

Дирижерлеу (оркестрлік; хор);

- Аспаптық орындау. Фортепиано. Үрмелі және соқпалы аспаптар. Ішекті аспаптар (АВАК, скрипка);

- Өнертану (драма театрының актерлік өнері / кинотану/театртану/);

Кино және медиа;

Музыкатану. Операторлық өнер;

Бар продюсерлік (кино / ТВ);

Режиссура (ойын киносының/драма театрының режиссурасы);

Сценография (грим театрының, кино және ТВ сценографиясы) ;

 Хореография.

«Мәдениет және спорт саласындағы қызметкерлер» санаты бойынша тағылымдамадан өтуге үміткерлер мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:

* жалпы жұмыс өтілі кемінде 3 (үш) жыл, оның ішінде соңғы 12 (он екі) ай таңдаған мамандану саласында болуы керек.

* тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйымның шартсыз шақыруының (қаржылық жағдайларды қоспағанда) болуы;

* мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы (В1 деңгейінен кем емес нәтижесі бар) сертификаттың болуы;

* тағылымдаманың және одан кейінгі жұмыспен өтеудің жиынтық мерзімі құжаттарды тапсыру сәтінде заңнамамен белгіленген зейнетақы жасынан тыс шықпауы тиіс.

* бакалавр немесе маман дипломының орташа балы есепке алынбайды.