Жарияланған күні:

Әнуар Жанғозин американдық ЖОО-лардың өкілдерімен кездесті

Халықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин Michigan State University, George Washington University, Purdue University, Rochester Institute of Technology және т.б. жетекші американдық ЖОО-лармен онлайн кездесті. Кездесу Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қолдауымен өтті. Жалпы оған АҚШ-тың 20-ға жуық университеті қатысты.

«500 ғалымға арналған тағылымдама» жобасы аясында ынтымақтастық мәселелері талқыға салынды. Бүгінде аталған жоба арқылы АҚШ-та 120-ға жуық еліміздің азаматы ғылыми тағылымдамадан өтіп жатыр.

Әнуар Жанғозин қазіргі кезде ғалымдарды жаңадан іріктеуді өткізу үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп, ғылыми тағылымдамалардың сапалы бағдарламаларын әзірлеу үшін отандық ЖОО-лар мен ғылыми орталықтарға шетелдік серіктестермен байланыс орнатуға көмек көрсетіліп жатқанын атап өтті.

Үміткерлерге қойылатын талаптар, құжат қабылдау мерзімдері туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.

IMG_0654.jpg