Жарияланған күні:
Халықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен және Астана мемлекеттік қызмет хабының қолдауымен өткен «Мемлекеттік қызметтегі HR: персоналды стратегиялық басқаруға көшу» HR форумына қатысты.
Әнуар Жанғозин өз сөзінде «Болашақ» бағдарламасының трансформациясы және атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бағдарламаны қайта бағдарлау процесі басталды. Болашақ» бағдарламасын жетлдіру – тұрақты процесс. Басты міндеті - ел дамуының негізгі бағыттары үшін кадрлық әлеуетті дамыту»,- деп атап өтті Әнуар Жанғозин.
Форумға мемлекеттік органдар өкілдерін, HR саласындағы отандық және шетелдік сарапшыларды және де Орталық Азия елдерінен келген делегаттарды қамтитын 300-ден астам адам қатысты