Жарияланған күні:

Нью-Йорк қаласында «Болашақ» стипендиаттары кітабының тұсауы кесілді

Нью-Йорк қаласында «Болашақ» стипендиаттары: тележурналист, ақын Жаңылхан Асылбекованың «Сөнбес сәуле» атты публицистикалық жинағы және зерттеуші-қаламгер, PhD Эльмира Ибраеваның «Алаш қайраткері Жанұзақ Жәнібековтің шығармашылық мұрасы» атты монографиялық еңбегінің таныстырылымы өтті.

Қос қаламгер Нью-Йорк фильм академиясында халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтуде.

«Біріккен Алаш» қорының (United Alash Foundation) жанынан құрылған Кітап клубының (Book Club) ұйымдастыруымен өткен іс-шараға Нью-Йорк фильм академиясы телерадиожурналистика факультеті деканының міндетін уақытша атқарушы Фред Сильверман, куратор Евгения Власова және сюжеттік материалдарды талдау және сценарий жазу пәнінен дәріс беретін Роберт Ферраро секілді профессорлар келіп қатысты.

Сондай-ақ іс-шараға Қазақстан Республикасының Нью-Йорк қаласындағы Бас консулдығының өкілдері, Нью-Йорк фильм академиясының өзге де зерттеуші-ғалымдары, профессорлары қатысты.

Жаңылхан Асылбекованың «Сөнбес сәуле» атты кітабы - бұл стипендиаттың «Қазақстан» республикалық телеарнасында 20 жыл еңбек етіп, жазған сценарийлері және өткізген телебағдарламалары негізіндегі әңгімелер жинағы.

Ал Эльмира Ибраеваның «Алаш қайраткері Жанұзақ Жәнібековтің шығармашылық мұрасы» атты монографиялық еңбегінде Алаш қайраткерінің мұрасы тұңғыш рет жүйелі түрде зерттелген.

289841766_5193223200772950_3461863873014048576_n.jpg