Жарияланған күні:

Педагогикалық қызметкерлерді «Болашақ» бағдарламасымен оқыту

Биыл «Білім беру» бағыты бойынша магистратураға 30 стипендия, докторантураға 10 стипендия бөлінді. Сонымен қатар орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері үшін әлемнің үздік ЖОО-лары мен ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтуге 15 грант бөлінді.

Білім беру саласының мамандары үшін «Болашақ» бағдарламасы бойынша 13 мамандық көзделген. Олардың атаулары суреттерде көрсетілген.

Айта кетейік, «Болашақ» стипендиясы оқу ақысын, ай сайынғы стипендияны, екі жаққа ұшып қайтуды, сондай-ақ визалық алымдарды, медициналық сақтандыруды және оқу материалдарын сатып алу үшін жәрдемақыны қамтиды. Стипендия мөлшері белгілі бір елдегі қалаға және өмір сүру деңгейіне қарай әртүрлі болады. Мысалы, Нью-Йорк пен Лондонда ай сайынғы стипендия 2 мың АҚШ долларынан асады.

Еске сала кетейік, конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтінімдер 2022 жылғы 14 қазанға дейін Egov.kz мемплекеттік қызметтер порталында қабылданады.

Образование, каз. 1.png

Образование, каз. 2.png

Образование, каз. 3.png

Образование, каз. 4.png