Жарияланған күні:
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы Келісім шеңберінде Польша Республикасының жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға құжаттар қабылдайды.
Қазақстан азаматтарына 11 грант бөлінді:
Құжаттардың толық пакеті 2022 жылғы 17 наурыздан 15 сәуірге дейін қабылданады. Құжаттарды қабылдау Egov.kz қызметі арқылы жүзеге асырылады және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға қолма-қол тапсырылады.
Грант төмендегідей шығыстарды қамтиды:
Білім беру ағылшын және поляк тілдерінде жүргізіледі. Назар аударыңыз, тіл курстары қарастырылмаған.
Польша Республикасының мемлекеттік жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура бағдарламасы бойынша білім алушының тұрғын-жайының төлемі өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Польша еліне оқуға түскен стипендиатта міндетті түрде медициналық сақтандыру болуы тиіс.
Үміткерлер 2022 жылғы 31 наурызға дейін міндетті түрде келесі сілтеме бойынша онлайн-тіркеуден өтуі тиіс: https://programs.nawa.gov.pl/login.
Жоғары оқу орындары мен мамандықтар тізімін мына сілтеме бойынша таңдауға болады https://programs.nawa.gov.pl
Құжаттарды онлайн тапсыру нұсқаулығын келесі сілтемеден көре аласыз: https://www.youtube.com/watch?v=bdXXDvWXhrU&t=5s
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Ағылшын тілінде оқуға өтініш берген кезде ағылшын тілін білетіндігін растайтын құжат тапсыру міндетті болып табылады. Қазақстан тарапынан үміткерлерді іріктеу келесі турлардан тұрады:
1) Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерімен үміткерлердің дербес әңгімелесуін онлайн режимде өткізу.
2) Үміткерлердің материалдарын қарау және Қорытынды комиссияның шешім шығаруы.
Үміткерлерді іріктеуге арналған негізгі өлшемшарттар мыналар:
1) балдық жүйе бойынша шет тілін білу деңгейі;
2) білім туралы құжаттың балдық жүйе бойынша орташа балы;
3) тәуелсіз сараптамалық комиссияның бағалауы.
Қағидалардың 17-тармағына сәйкес, халықаралық шарттар/келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде тең балмен басымдыққа ие болатындар (келесі ретпен):
1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
2) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін) ұсынған, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті шетелдік білім беру ұйымдарында оқуға болатын бала кезінен мүгедектер және мүгедек балалар;
3) көп балалы отбасынан шыққан балалар;
4) ауылдық елді мекенде соңғы 2 (екі) жыл тұратын үміткерлер;
5) шетелдік жоғары оқу орындарынан шақыруы бар үміткерлер, сондай-ақ шетелдік жоғары оқу орындарында білім алушылар.
Назар аударыңыз!!! Құжаттарды тапсыру бойынша толық ақпаратпен жадынамадан танысуға болады.
21-тармақтың 4) тармақшасына сәйкес конкурс жеңімпазы шетелде академиялық оқуды аяқтағаннан кейін міндетті түрде Қазақстан Республикасына қайтарылады және 1 (бір) жыл мерзімге үздіксіз еңбек қызметін жүзеге асыру туралы шарт жасалады.
Қосымша ақпаратты мына байланыс телефондары арқылы алуға болады: +7 (7172) 76-90-84, 76-90-83.
Ережелермен мұқият танысуыңызды сұраймыз http://adilet.zan.kz/rus/docs/V080005499_