Жарияланған күні:

Польша Республикасы Үкіметінің стипендиялық бағдарламалары

Достар, Польша Республикасы Үкіметінің стипендиялық бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының жас ғалымдарына, магистратураға және Варшава университеті жанындағы Шығыс Еуропалық зерттеулер орталығының Шығыс қысқы мектебіне 2022-2023 жж. оқу жылына үміткерлерді қабылдау басталды.

Польша Республикасы Үкіметінің 2022-2023 жж. жас ғалымдарға арналған стипендиялық бағдарламасының ХХ шығарылымы

Бағдарлама бойынша жас ғалымдар 2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың маусымына дейін Польша Республикасының жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өте алады. Аталмыш бағдарлама аясында стипендия беріледі. Өтінімдер 2022 жылдың 1 наурызына дейін қабылданады.

Стипендия мөлшері және үміткерлерге қойылатын талаптар мына сайтта жарияланған: https://studium.uw.edu.pl/

Варшава университеті жанындағы Шығыс Еуропалық зерттеулер орталығының магистратура бағдарламасы

Стипендиялық бағдарлама 2022 жылдың 1 қазанынан 2024 жылдың 30 маусымына дейінгі кезеңде 2 жылдық магистратурада оқытуды қамтиды. Бағдарлама аясында 1 аймақтық тілді қосымша оқу мүмкіндігі бар.

Бағдарлама туралы толық ақпаратты мына сілтеме https://studium.uw.edu.pl/programy.../stypendia-wschodnie/арқылы біле аласыздар.

Варшава университетінің Шығыс Еуропалық зерттеулер орталығының Шығыс қысқы мектебі

Шығыс қысқы мектебі халықаралық дәріс берушілер тобы өткізетін дәрістерден, семинарлардан, кездесулерден және мәдени бағдарламалардан тұрады. Қысқы мектепке Орталық және Шығыс Еуропаның тарихы мен қазіргі жағдайы бойынша магистрлік (дипломдық) жұмыстарды жазу барысындағы гуманитарлық мамандықтардың 25 жасқа дейінгі соңғы курс студенттері шақырылады. Шығыс қысқы мектебі Варшава қаласында 2022 жылдың 28 ақпаны мен 14 наурызы аралығында өтеді. Өтінімдер 2022 жылдың 15 қаңтарына дейін қабылданады.

Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы біле аласыздар: https://studium.uw.edu.pl/szkoly/wschodnia-szkola-zimowa/