Жарияланған күні:

Польшада оқу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі 2022 жылғы 15 сәуірге дейін ұзартылды

Құрметті Польшаға үкіметаралық гранттарға үміткерлер, құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 15 сәуір сағат 18:00-ге дейін ұзартылды.

Құжаттардың толық пакеті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-на қолма-қол тапсырылады. Еске сала кетейік, құжаттарды үміткердің жеке өзі немесе оның сенім білдірілген адамы тапсыра алады. Құжаттарды үшінші тұлға тапсырған жағдайда - өкілде үміткерден нотариалды куәландырылған сенімхат түпнұсқасының болуы міндетті.