Жарияланған күні:
ҮКІМЕТАРАЛЫҚ ГРАНТТАР АЯСЫНДА ПОЛЬША РЕСПУБЛИКАСЫНДА ОҚУҒА ҮМІТКЕРЛЕРДІ КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ АЯҚТАЛДЫ
2022 жылғы 20 сәуірде Польша Республикасының жоғары оқу орындарында үкіметаралық гранттар аясында оқуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі қорытынды комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында Қазақстан тарапынан Польша Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға 11 адам ұсынылды. Резервтік тізімге 2 адам енді.
Тәуелсіз сараптама комиссиясының мүшелерімен әңгімелесу қатаң түрде регламент бойынша өтті, әрбір үміткерге келесіні анықтау үшін үш міндетті сұрақ қойылды:
Қорытынды комиссия келесі үш критерийді бағалау қорытындысы бойынша негізгі тізімге ең жоғары орташа балы бар үміткерлерді енгізді: шет тілін білу деңгейі, білім туралы құжаттың орташа балы және әңгімелесу қорытындысы бойынша орташа баға.
Айта кетейік, қабылдаушы тарап білім беру гранттарын беру туралы соңғы шешімді қабылдайды.