Жарияланған күні:
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Президенттік жастар кадр резервіне екінші іріктеу жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша 50 адам іріктеп алынады. Бұл жоба жас қазақстандықтарға өз білімдері мен дағдыларын ел игілігі үшін қолдануға бірегей мүмкіндік береді.
Қатысушылар жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі бар және жұмыс өтілі кемінде 5 жыл Қазақстан Республикасының азаматтары болуы тиіс. Қазақ тілін білу деңгейі В1 деңгейінен төмен болмауы қажет (Қазтест немесе Qazaq Resmi Test сертификатының болуы талап етіледі).
2021 жылғы 1-30 қыркүйек аралығында жобаға қатысу үшін тіркеу және құжаттарды қабылдау жүргізіледі. Кандидаттар құжаттарды тапсырғаннан кейін мынадай бірнеше кезеңдерден өтеді: сандық және мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау, ситуациялық тапсырмаларды шешу, құзыреттерді бағалау, Сарапшылық комиссияда әңгімелесу және Ұлттық комиссияның отырысы.
Кезеңдердің басым бөлігі онлайн режимінде өтеді. Резервте болу мерзімі – 3 жыл.
«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерін аталған жобаға қатысуға шақырамыз!
Еліміздің дамуына өз үлесіңді қос!
Толық ақпарат pkreserv.gov.kz сайтында және жобаның әлеуметтік желілердегі парақшаларында бар. Instagram: @pkrezerv.gov.kz Facebook: https://www.facebook.com/pmkrezerv.kz Telegram: https://t.me/pmkr2021