Жарияланған күні:

«ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙІ» РММ МЕН «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ» АҚ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

2025 жылғы 8 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Ұлттық музей мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі – Орталық Азиядағы ең ірі музей.

Аталған меморандумға қол қою – мәдениет саласы үшін шетелде жоғары білікті мамандар даярлауға бағытталған ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудың маңызды қадамына айналады, сондай-ақ білім беру бастамаларын және біліктілікті арттыру бағдарламаларын одан әрі дамытуға септігін тигізеді.

Іс-шара аясында музей қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесу барысында «Болашақ» бағдарламасындағы жаңалықтар, ғылыми тағылымдамалар және бағдарламаға қатысу үшін құжат тапсыру ережесі туралы өзекті ақпарат ұсынылды. Іс-шара соңында қызметкерлерге арналған сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылды.

НАЦИОНАЛЬНЫЙ МУЗЕЙ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 1.jpg

НАЦИОНАЛЬНЫЙ МУЗЕЙ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 2.jpg

НАЦИОНАЛЬНЫЙ МУЗЕЙ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН і.jpg