Жарияланған күні:
Бүгін «AMANAT» партиясының Орталық аппаратында «AMANAT» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі Республикалық кеңестің отырысы өтті. Кеңесте «Болашақ» бағдарламасын дамыту перспективалары талқыланды. Отырысқа ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Д.Щеглова, ҚР Білім вице-министрі Е. Оспан, ҚР СІМ адам ресурстары департаменті директорының орынбасары Ә.Байсынов, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Ә. Оспанова, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, кеңес мүшелері, жастар ұйымдарының өкілдері, журналистер және т. б.
Отырысты Кеңес Төрағасы, Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Нартай Сәрсенғалиев ашты. Депутат 30 жыл ішінде «Болашақ» бағдарламасы елімізде озық білімі мен құзыреттілігі бар кадр резервін құруға ықпал еткенін атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша соңғы жылдары бағдарлама инженерлік-техникалық және медициналық кадрларды даярлауға баса назар аударады, бірақ соған қарамастан елімізде жоғары білікті кадрларға қажеттілік бар қажетті мамандықтардың тізімін үнемі жаңартып отыру қажет.
ҚР Ғылым және жоғары білім Вице-министрі Динара Щеглова «Болашақ» халықаралық стипендиясын дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған стратегиясын әзірлеу туралы хабарлады, оның шеңберінде еңбек нарығын талдауды ескере отырып, мамандықтар тізімін қалыптастыру, өңірлер үшін нақты кадрлар даярлау, Split PhD моделі бойынша докторанттарды даярлау, тағылымдамалар бағдарламасын жетілдіру және конкурстық іріктеу мен қабылдау процестерін цифрландыру көзделген.
«Халықаралық бағдарламалар орталығының» Басқарма төрағасы Әлия Оспанова бағдарламаны әкімшілендіру және шетелде оқитын студенттерді тәулік бойы сүйемелдеу, визалық сүйемелдеуге көмек көрсету, жеке оқу жоспарын жасау, орталықты 2024 жылғы құжат қабылдауды бастауға дайындау туралы Орталықтың жұмысы туралы айтып берді. Осы жылдың қаңтар айының соңынан бастап тағылымдамалар бағыты бойынша стипендия иегерлері мен «500 ғалым» онлайн-режимде шарттар жасасуда.
«Сондай-ақ, шетелдегі студенттердің күнделікті өмірінде қазақ тілді контент пен тіл клубтарында жетіспейтіндігі де маңызды факт болып табылады. Көптеген студенттер шетелде тіл мен мәдениетке деген қызығушылықты сақтауға тырысады, бірақ бірқатар қиындықтарға тап болады. Сондықтан шетелде жауапты мемлекеттік органдардың жетекшілігімен «Qazaq speaking club» ұйымдастыру орынды», – деп атап өтті Ә.Оспанова.
Талқылауға «Болашақ» бағдарламасының сарапшы – түлектері қатысты. Журналист Қанат Әуесбайдың пікірінше, шетелде студенттерді кураторлықпен үнемі айналысатын ҚР дипломатиялық өкілдіктері жанынан омбудсмендер құру мәселелеріне ерекше назар аударған жөн. «Stipendium Hungaricum» үкіметаралық грантының иегері Ердәулет Рахматулла жауапты мемлекеттік органдардан 2019 жылы ашылған, бірақ қазақстандық студенттер үшін қолжетімді емес Будапешттегі «Абай орталығының» жұмысын жандандыруға жәрдем көрсетуді сұрады.
Кездесу соңында кеңес мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Нұргүл Тау мен Нұрлан Әуесбаев «Болашақ» бағдарламасын одан әрі дамыту бойынша бірқатар сұрақтар қойды.