Жарияланған күні:

Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

Сіздердің кәсіби әрі әділ атқарып жүрген жұмыстарыңызға қарай қоғамда болып жатқан оқиғаларға куәміз. Сіздердің айқын азаматтық ұстанымыңыз, болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарамайтындығыңыз, барлық жаңалықтарға ашықтығыңыз өз мамандығыңыздың айрықша сипаты деп білеміз.

Бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істейтін «Болашақ» бағдарламасының түлектері мемлекетімізді дамыту бағдарламаларын сәтті іске асыруға, қоғамда тұрақтылықты нығайтуға, еліміздің халықаралық беделін арттыруға атсалысып келеді.

Сіздерге шын жүректен шабыт, шығармашылық ізденіс, жаңа идеялар мен жобаларды ойдағыдай іске асыруды шын жүректен тілейміз!