Жарияланған күні:

РУМЫНИЯ ЖОО-ЛАРЫНДА ОҚУҒА АРНАЛҒАН ГРАНТТАР

Қазақстан азаматтары Румынияның жетекші жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша тегін оқи алады.

Конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдер онлайн қабылданады - https://scholarships.studyinromania.gov.ro/

Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2023 жылғы 1 наурызға дейін.

Айта кетейік, грант медицина, стоматология және фармацевтика бағыттары бойынша тағайындалмайды.

Конкурсқа қатысу үшін кандидаттар диплом, транскрипт, жеке куәлік немесе төлқұжат, түйіндеме және т.б. тапсырады.

Грант оқу, тұру шығындарын өтейді, сондай-ақ ай сайын стипендия төленеді.

Толық ақпарат бағдарлама сайтында жарияланған - https://scholarships.studyinromania.gov.ro/scholarship-about#docs