Жарияланған күні:

ШҰАР-ДА ОҚУҒА 50 БІЛІМ ГРАНТЫ

Қытай Халық Республикасының Шынжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Халық үкіметі Қазақстан азаматтары үшін арнайы білім беру (колледж), бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша 50 оқу гранттарын бөлгендігін хабарлайды. Шетелдік студенттерге тілдік дайындық курстары қарастырылған.

ЖОО-лар мен мамандықтар тізімімен сілтеме бойынша танысуға болады.

Талаптары:

  • Қазақстан Республикасының азаматы болу;
  • бакалавриатқа, арнайы білім беру (колледж) үміткерлердің орта мектеп бітіргені туралы аттестаты және жас мөлшері 25 жасқа дейін болуы тиіс;
  • магистратураға үміткерлердің бакалавр дәрежесі және жас мөлшері 35 жасқа дейін болуы тиіс;
  • докторантураға үміткерлердің магистр дәрежесі және жас мөлшері 45 жасқа дейін болуы тиіс.

Грант келесі шығыстарды қамтиды:

  • тегін оқу;
  • тұру шығындары;
  • әлеуметтік практика шығындары;
  • сақтандыру.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға ұсыну үшін құжаттар тізбесі:

  1. ҚР азаматының сауалнамасы;
  2. төлқұжаттың көшірмесі;
  3. білім туралы құжаттар:
    • «Бакалавриат» және «Арнайы білім беру» (колледж) бағдарламасы үшін – қосымшасымен бірге аттестат немесе қосымшасымен бірге негізгі орта білімі туралы анықтама, ағылшын немесе қытай тілдеріне аударылған және нотариалды куәландырылған оқу кезеңінің аяқталу күнін көрсете отырып, білім алушының ағымдағы жылдағы (11 немесе 12 сынып) орташа балы көрсетілген ағымдағы үлгерімі туралы анықтама және табель.
    • «Магистратура» бағдарламасы үшін – қосымшасымен бірге бакалавр/маман дипломы, ағылшын немесе қытай тіліне аударылған және нотариалды куәландырылған. Бакалавриаттың соңғы курсында оқитындар оқу бөлімі куәландырған оқу кезеңінің аяқталатын күні көрсетілген жоо-дан анықтама және қытай немесе ағылшын тіліне аудармасы бар транскрипт ұсынулары тиіс.
    • «Докторантура» бағдарламасы үшін – қосымшасымен бірге магистр дипломы, ағылшын немесе қытай тіліне аударылған және куәландырылған. Магистратураның соңғы курсында оқитындар оқу бөлімі куәландырған, оқу кезеңінің аяқталатын күні көрсетілген жоо-дан анықтама және қытай немесе ағылшын тіліне аудармасы бар транскрипт ұсынулары тиіс.
  4. Денсаулық сақтау органы берген шетелге оқуға шығуға арналған медициналық анықтама – 072 нысаны, ағылшын немесе қытай тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен;
  5. Ағылшын немесе қытай тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен сотталмағандығы туралы анықтама.

Құжаттарды қабылдау 19 маусымға дейін (сағат 18:30 дейін) Астана қаласы, Сығанақ көшесі 70, «Сығанақ» БО, 5 қабат, 508 каб. мекенжайы бойынша «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да қолма-қол (қағаз нысанда, сондай-ақ электрондық жеткізгіштегі сканерленген нұсқасы) жүзеге асырылады.

Назар аударыңыз!!! Нақты шешімді қабылдаушы тарап қабылдайды.

ҚР азаматының сауалнамасы

Жоғары оқу орындары мен мамандықтардың тізімі