Жарияланған күні:
Құрметті стипендиаттар, коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында және Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустық инфекцияның көптеп анықтауына байланысты Халықаралық бағдарламалар орталығы келісім-шарттар басымдылық жағдайда жасалатын стипендиаттардың тізімін жасауда.
Тізімге ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында оқу/тағылымдама басталатын стипендиаттар кіреді.
Брондау жүйесіндегі тапсырыс туралы хабарлама (кезек нөмірі, келісім-шартты жасау күні мен уақыты) стипендиаттың ұялы телефонына және электрондық поштасына жіберіледі. Кешігіп келгендер мен тізімнен тыс стипендиаттар қабылданбайды. Сақтық шарасына түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Құрметпен, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ