Жарияланған күні:
Сингапур ұлттық университеті мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды
Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың Сингапурға мемлекеттік сапары аясында Сингапур ұлттық университеті (NUS) және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Меморандумға қол қою рәсіміне ARI директоры, профессор Тим Баннелл және ХБО Басқарма Төрағасының орынбасары Абай Рахмет қатысты.
Бұл келісімнің негізгі мақсаты гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер саласындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия арасындағы өзара іс-қимылды зерделеу болып табылады. Бұл келісім жобалармен бірлесіп жұмыс істеуге, постдокторанттармен алмасуға және зерттеу әлеуетін дамытуға бағытталған.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары:
Осы Меморандумға қол қою тараптар арасындағы мәдени және ғылыми байланыстарды нығайтуға ықпал ете отырып, Сингапур мен Қазақстан арасындағы ғылыми ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадамды білдіреді.
Сингапур ұлттық университеті (NUS) – Сингапурдағы жетекші университет және Азия мен әлемдегі ең үздіктердің бірі. 1905 жылы негізі қаланған NUS өзінің жоғары білім беру және ғылыми зерттеулерімен танымал.
Халықаралық Рейтинг: QS World University Rankings нұсқасы бойынша әлем университеттерінің рейтингінде 8-ші орында, World University Rankings 2024 Халықаралық рейтингінің нұсқасы бойынша 19-шы орында орналасқан.
Сингапур ұлттық университеті (NUS) түрлі оқыту бағдарламалар бойыншв үздік, әсіресе келесілерде ерекшеленеді:
1. Инженерия және технология:
2. Жаратылыстану ғылымдары:
3. Медицина және денсаулық сақтау:
Сингапур университеттері үшін Қазақстан Республикасының «Халықаралық бағдарламалар орталығы» іске асырылып жатқан бағдарламаларының презентациялық көрмесін өткізді. Көрме екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға көмектесе отырып, білім беру бастамаларын және алмасу мүмкіндіктерін зерттеуге мүмкіндігін ашты.