Басты бет > BOLASHAQNEWS > Қытайды жоғары оқу орындарына оқуға түсу үшін құжат қабылдау басталды

Жарияланған күні:

Қытайды жоғары оқу орындарына оқуға түсу үшін құжат қабылдау басталды

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Білім министрлігі арасындағы 2003 жылғы 3 маусымдағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Қытай үкіметі 2026-2027 оқу жылына ҚХР мемлекеттік стипендиясы бойынша оқуға келесі бағдарламалар бойынша 73 білім грантын ұсынады:

  • бакалавриат;
  • магистратура;
  • докторантура.

Грант келесі шығындарды өтейді:

  • тегін оқу;
  • ай сайынғы стипендия;
  • медициналық сақтандыру;
  • жатақханада тұру

Ескертеміз!!! Қалған шығынды грант иегері өзі төлейді.

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткерлер Қытай стипендиялық кеңесі сайтында онлайн тіркеуден өту тиіс https://campuschina.org

2026 жылдан бастап ҚХР-дың жоғары оқу орындарында бакалавр дәрежесін алуға үміткер барлық шетелдік талапкерлер шетелдік студенттерге арналған академиялық дайындық тестінен (CSCA) өтуге міндетті. Құжаттарды қабылдау кезеңінде академиялық дайындық тестінен (CSCA) өту және оның нәтижелерін ұсыну талап етілмейді, көрсетілген тест конкурстық іріктеуден өткеннен кейін тапсырылады. CSCA тестілеуі туралы толық ақпарат www.csca.cn ресми сайтында орналастырылған.

Құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 21 қаңтардан 10 ақпанға (қоса алғанда) дейін жүргізіледі:

Құжаттарды онлайн тапсыру бойынша нұсқаулық мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.youtube.com/watch?v=63vBxsMIkYs

Egov.kz порталы арқылы құжат тапсыру үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет, оны қашықтан алуға болады. ЭЦҚ алу бойынша нұсқаулық келесі сілтемеде: https://egov.kz/cms/ru/services/pass_onlineecp

Шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу келесі турлар арқылы жүзеге асырылады:

  1. Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерімен үміткерлердің дербес әңгімелесуін онлайн режимде өткізу.
  2. Үміткерлердің материалдарын қарау және Қорытынды комиссияның шешім шығаруы.
  3. Үміткерлерді іріктеу үшін негізгі өлшемшарттар:
    • балдық жүйе бойынша шет тілін білу деңгейі;
    • білім туралы құжаттың балдық жүйе бойынша орташа балы;
    • Тәуелсіз сараптамалық комиссияның бағасы.

Қағидалардың 17-тармағына сәйкес, халықаралық шарттар/келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде балл тең болған жағдайда төменде көрсетілген үміткерелер басымдыққа ие болады (келесі ретпен):

  1. жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  2. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Респликасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін) ұсынған, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті шетелдік білім беру ұйымдарында оқуға болатын бала кезінен мүгедектер және мүгедек балалар;
  3. көп балалы отбасынан шыққан балалар;
  4. ауылдық елді мекеннен шыққан, соңғы 2 (екі) жылда ауылдық елді мекенде тұратын үміткерлер;
  5. шетелдік жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шақыруы бар үміткерлер, сондай-ақ шетелдік жоғары оқу орындарында білім алушылар.

Іріктеу нәтижесі бойынша ұсынылған үміткерлер тізімдері қабылдаушы тарапқа жіберіледі. Оқуға қабылдау шешімін Қытай тарап қабылдайды.

Құжат тапсыру бойынша толық ақпаратпен жадынамадан танысуға болады.

21-тармақтың 4) тармақшасына сәйкес конкурс жеңімпазының шетелде академиялық оқуды аяқтағаннан кейін міндетті түрде Қазақстан Республикасына қайта оралуы және 1 (бір) жыл мерзіммен үздіксіз еңбек қызметін жүзеге асыруы көзделген.

Қосымша ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: +7 (7172) 76-90-76 ішкі нөмірлер: 110, 112, 113, 114, 115, 301.

Ережемен мұқият танысуыңызды сұраймыз
http://adilet.zan.kz/rus/docs/V080005499_

Құжат тапсыру бойынша нұсқаулық
ҚР азаматының сауалнамасы
Медициналық анықтама