Басты бет > BOLASHAQNEWS > «Ғалым» санаты бойынша тағылымдама.

Жарияланған күні:

«Ғалым» санаты бойынша тағылымдама.

Достар, Questions & Answers айдары аясында біз сіздердің ең өзекті әрі жиі қойылатын сұрақтарыңызға жауап беруді жалғастырамыз. Бүгінгі Q&A тақырыбы: «Ғалым» санаты бойынша тағылымдама.

  1. «Ғалым» санаты бойынша стипендия тағайындау конкурсына кім қатыса алады? «Ғалым» санаты бойынша стипендия тағайындау конкурсына қатысатын үміткер ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға және ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін алуға тиіс. Ғылыми, ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелері ғылыми журналдарда немесе жинақтарда Жарияланымдар/мақалалар, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы есептер, сынақ хаттамалары, өнертабыстарға, модельдерге, макеттерге, жаңа бұйымдардың, материалдар мен заттардың үлгілеріне патенттер және басқалар болуы мүмкін. Бұдан басқа, үміткердің жалпы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде таңдаған мамандану саласында соңғы 12 ай болуы және конкурсқа құжаттардың толық пакетін ұсынуы тиіс.
  2. «Ғалым» санаты бойынша үміткерлерге тіл бойынша қандай талаптар қойылады? Конкурсқа қатысу үшін үміткер міндетті түрде шетелдік ұйымнан тағылымдамадан өтуге шартсыз шақыру ұсынады (қаржылық жағдайларды қоспағанда). Үміткер бұл шақыруды өз бетінше алады және ол үміткердің осы шетелдік ұйымда тағылымдамадан өту үшін шет тілін білудің қажетті деңгейіне ие екендігінің дәлелі болып табылады.
  3. Тағылымдамадан өтуге үміткерлер үшін қандай жас шектеулері белгіленген? Қолданыстағы қағидаларға сәйкес, тағылымдаманың және одан кейінгі жұмыспен өтеудің жиынтық мерзімі құжаттарды тапсыру сәтінде заңнамамен белгіленген зейнетақы жасынан тыс шықпауы тиіс.
  4. Үміткер бакалавриаттан кейін тағылымдамадан өтуге бара ала ма? Үміткер бакалавриатты бітіргеннен кейін тағылымдамаға бара алады, бірақ бұл ретте «Ғалым» санаты бойынша үміткерлерге қойылатын талаптарға сәйкес келуі тиіс.
  5. Тағылымдамадан өту үшін кепіл беру керек пе? Тағылымдамадан өтуге шарт жасасу үшін кепіл берілмейді. Стипендиат екі кепілгерді ұсынуы қажет.