Жарияланған күні:
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Архивінің көшірілуіне байланысты, құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқаларын беру уақытша қолжетімсіз болады.
Осыған орай, Қоғам барлық меншік иелерін (кепіл берушілерді) құқық белгілейтін құжаттарды 2022 жылғы 10 маусымға дейін келіп тапсыруға сұрайды.
Бұл ретте, құжаттар дайын болу үшін меншік иелері немесе сенімхат негізінде сенім білдірілген адамдар Орталықтың мұрағатшысына келесі ұялы телефон арқылы алдын ала хабарласуы қажет: 8-777-856-58-24 немесе электрондық пошта арқылы: faizullina@bolashak.gov.kz
Айта кетейік, 2018 жылғы сәуірден бастап Халықаралық бағдарламалар орталығы архивтің сақтауында жатқан барлық құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқаларын беруді жүзеге асырады.
Мекенжайымыз: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 55/13, С 2.1 блогы, «ЭКСПО» бизнес орталығы.