Жарияланған күні:

"Stipendium Hungaricum" бағдарламасы бойынша оқуға үміткерлердің назарына

Мажарстан 2013 жылғы 19 қарашадағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Мажарстан адами ресурстар министрлігінің Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімі шеңберінде Мажарстанның жоғары оқу орындарында оқуға үміткерлердің негізгі (207 адам) және резервтік (74 адам) тізімдерін бекітті.

Егер сіз "Stipendium Hungaricum" стипендиясы иегерлерінің негізгі тізімінде болсаңыз, онда сізге 60 (алпыс) күн ішінде оқуға шарт жасасу үшін " Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-ға жүгіну қажет.

Шарт жасасу үшін сайттың басты бетіне кезекке тұру және өзіңізбен бірге жеке куәліктің түпнұсқасын алып келуіңіз қажет.

Шарт жасасу бойынша толық кеңес алу үшін 8-7172-76 90 79, 76 90 75, 24-93-77 телефондары арқылы шарттық және талап-арыз жұмысы басқармасына хабарласуға болады.

Номинанттар тізімі