Жарияланған күні:
«Stipendium Hungaricum» бағдарламасы бойынша Мажарстан ЖОО-ларында оқуға арналған стипендиаттардың тізімі бекітілді.
Негізгі тізімге 195 қазақстандық, резервтік тізімге – 19 еліміздің азаматы кірді.
«Stipendium Hungaricum» стипендиясы иегерлерінің негізгі тізіміне енген стипендиаттар 60 күн ішінде оқу шартын жасау үшін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға жүгіну қажет. Шарт жасау үшін Орталық сайтының басты бетінде кезекке тұрып, өзіңмен бірге жеке куәліктің түпнұсқасын алып келу керек.
Сондай-ақ шарт жасау бойынша кеңес алу үшін Шарттық және талап-арыз жұмысы басқармасына келесі эл. пошта арқылы хабарласуға болады: toktarbay@bolashak.gov.kz