Жарияланған күні:
Stipendium Hungaricum гранттарына үміткерлердің назарына
Қазіргі уақытта "Stipendium Hungaricum" грантына конкурстық іріктеуге құжаттарды қабылдау техникалық себептерге байланысты іркіліспен жұмыс істейді. Біз мәселені шешуге тырысып жатырмыз.
Үміткерлерге мүмкіндігінше құжаттарды Нұр-Сұлтан қаласындағы "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ кеңсесіне қолма-қол (қағаз түрінде) тапсыруды ұсынамыз. Құжаттар Нұр-Сұлтан қаласы, "Экспо" БО, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/13, С2.1 блок, 1 қабат (ресепшн) мекенжайы бойынша 2022 жылғы 9.00-ден 18.00-ге дейін қабылданады.
Қосымша ақпаратты біздің ресми сайтымыздан таба аласыздар[:]([https://clck.ru/bF7xvhttp]
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан тарапынан жүзеге асырылатын үміткерлерді конкурстық іріктеу келесі кезеңдерден тұрады: 1) үміткерлерді тәуелсіз сараптама комиссиясының мүшелерімен, оның ішінде онлайн режимінде жеке әңгімелесуден өткізу. 2) үміткерлердің материалдарын қарау және қорытынды комиссияның шешім қабылдауы. Негізгі критерийлері үшін үміткерлерді іріктеу: 1) балдық жүйе бойынша шет тілін білу деңгейі; 2) білім туралы құжаттың балдық жүйе бойынша орташа балы; 3) тәуелсіз сараптама комиссиясының бағалауы.
2022-2023 оқу жылына Мажар тарапы Қазақстан азаматтарына келесі бағдарламалар бойынша 250 грант берді:
Туындаған сұрақтар бойынша келесі байланыс телефондарына хабарласуыңызға болады: