Жарияланған күні:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Макжарстанның Адами ресурстар министрлігі арасындағы 2013 жылғы 19 қарашадағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім аясында Мажарстан үкіметі Қазақстан азаматтарына 2022–2023 оқу жылы «Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасына қатысу мүмкіндігін ұсынады.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да 2022 жылғы 11 ақпан мен 18 ақпан аралығында құжаттардың толық пакеті мына сайттар арқылы қабылданады: 1) «Электрондық үкімет» порталы (Egov.kz) https://egov.kz/cms/ru/services/higher_education/pass_203_mon 2) ««Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға қолма қол тапсыру
Осы бағдарлама шеңберінде Мажарстан тарапы Қазақстан Республикасы азаматтарына келесі бағдарламалар бойынша 250 грант ұсынады:
Аталған гранттар туралы ақпарат stipendiumhungaricum.hu/uploads/2020/03/BA_MA_OTM_Call_for_Applications_2022_2023_final.pdf stipendiumhungaricum.hu/uploads/2020/03/PhD_Call_for_Applications_2022_2023_final.pdf вебсайтында орналасқан.
Грант келесі шығындарды өтейді:
• тегін оқу;
• ай сайынғы стипендия бакалавриат және магистратура бағдарламалары үшін – HUF 43.700, докторантура – HUF 140.000 (бірінші 4 семестр) және HUF 180.000 (екінші 4 семестр);
• жатақханада тұру (немесе жалдамалы пәтердің ақысы айына 110 Евро шамасы көлемінде);
• медициналық сақтандыру.
Назар аударыңыз!!! Қалған шығындарды грант иегері өз қаражатынан өтейді. 2004 жылғы 31 тамыздан кейін туылған үміткерлерден өтініш қабылданбайды, «Хореография» (Dance Study) мамандығынан басқа.
"Электрондық үкімет" порталы арқылы құжаттарды тапсыру үшін ЭЦҚ қажет, оны қашықтан алуға болады. ЭЦҚ алу жөніндегі нұсқаулықпен онлайн режимде (қашықтықтан) мына сілтеме бойынша таныса аласыз https://egov.kz/cms/ru/services/pass_onlineecp. Егер электрондық қызметтерді алу кезінде қиындықтар туындаса, алдыңғы сілтеме бойынша виртуалды операторға жүгіне аласыз немесе 1414 нөмірі бойынша байланыс орталығына тегін қоңырау шала аласыз. ЭЦҚ алғаннан кейін Сізге келесі құжаттар арқылы құжаттарды тапсыру қажет Egov.kz. Құжаттарды онлайн тапсыру нұсқаулығын келесі сілтемеден көре аласыз: https://www.youtube.com/watch?v=bdXXDvWXhrU&t=5s
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Ағылшын тілінде оқуға өтініш берген кезде ағылшын тілін білетіндігін растайтын құжат тапсыру міндетті болып табылады.
Қазақстан тарапынан үміткерлерді іріктеу келесі турлардан тұрады: 1) Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерімен үміткерлердің дербес әңгімелесуін онлайн режимде өткізу.
2) Үміткерлердің материалдарын қарау және Қорытынды комиссияның шешім шығаруы.
Үміткерлерді іріктеу үшін негізгі критерийлері болып табылады:
1) балдық жүйе бойынша шет тілін білу деңгейі; 2) білім туралы құжаттың балдық жүйе бойынша орташа балы; 3) тәуелсіз сараптамалық комиссиясының бағалауы.
Жіберу қағидаларының 17-тармағына сәйкес, халықаралық шарттар/келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде тең баллмен басымдыққа ие (келесі ретпен):
1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
2) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін) ұсынған, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті шетелдік білім беру ұйымдарында оқуға болатын бала кезінен мүгедектер және мүгедек балалар;
3) көп балалы отбасынан шыққан балалар;
4) ауылдық елді мекендерден ауылдық елді мекендерде соңғы 2 (екі) жыл тұратын үміткерлер;
5) шетелдік жоғары оқу орындарынан шақыруы бар үміткерлер, сондай-ақ шетелдік жоғары оқу орындарында білім алушылар.
Іріктеу қорытындысы бойынша ұсынылған үміткерлер тізімі Мажарстан тарапына жіберіледі. 2022 жылғы наурыздан мамырға дейінгі кезеңде түпкілікті шешімді қабылдаушы Тарап жүзеге асыратын болады.
Назар аударыңыз!!! Құжаттарды тапсыру бойынша толық ақпаратпен жадынамадан танысуға болады.
21-тармақтың 4) тармақшасына сәйкес конкурс жеңімпазмен шетелде академиялық оқуды аяқтағаннан кейін міндетті түрде Қазақстан Республикасына қайта оралып, 1 (бір) жыл мерзімге үздіксіз еңбек қызметін жүзеге асыру туралы шарт жасалады.
Қосымша ақпаратты келесі телефондар бойынша алуға болады: +7 (7172) 76-90-84, 76-90-82, 76-90-83.